Еліміздің әр азаматы дауыс беру арқылы өз үнін қосу керек – Асылы Осман

10 Қаңтар 2021, 10:44
1485
Бөлісу:
Еліміздің әр азаматы дауыс беру арқылы өз үнін қосу керек – Асылы Осман

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат ордені» және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері Асылы Осман сайлауда дауыс беру әр азаматтың парызы екенін айтады.

Бүгін таңертең барып сайлауға дауыс бердім, бұл үлкен жауапкершілік, еліміздің әр азаматы өз үнін қосуы керек. Дауыс бермей, үйде жатып алған кімге керек? Осы қоғамның мүшесі болған соң елімнің заңына бағынамын. Сондықтан елдің ертеңі үшін өз үнімді қосып, өз қалауымды таңдадым. Бұл әр азаматтың парызы, - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол Мәжіліс парламенті депутаттарының сайлауынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Биылғы 2021 жыл халқыма жақсы болады деген сенімдемін. Жаңа жыл басталысымен сайлау болып жатыр, оған қоса ата-бабамыз 300 жыл аңсаған Тәуелсіздікке биыл 30 жыл толады. Бұған дейін жақсылық та, жамандық та болды, дегенмен жақсылығымыз мол ғой. Ататүрік «дүниеде еркіндікке ештеңе жетпейді» деп айтқан. Құдайға шүкір, қазір біз Тәуелсіз елміз, тек тіліміз тәуелсіздік тұғырына қона алмай отыр. Қазір мемлекет басшысы осыған көңіл бөліп жатыр, сондықтан тіліміз өз тұғырына қонады деген жақсылықтан үміттімін, - дейді А. Осман.
Өзгелердің жаңалығы