Еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2 Желтоқсан 2020, 07:45
1159
Бөлісу:
Еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 желтоқсан күні Қазақстанның 9 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Өскемен, түнде Көкшетау қалаларында ауа ластануының жағымсыз метеожағдайы қалыптасады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы