Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
13 Қаңтар, 21:51 340

Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 7 облыс аумағында ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

13 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады..

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын соғады. Петропавлда ертең күндіз бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

14 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Ертең Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Оралда ертең жаяу бұрқасын соғып, түнде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте ертең түнде тұман түсуі мүмкін. 

14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...