Бас жаңалықтар
Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
23 Қаңтар 2021, 03:26 148

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша 23 қаңтарда Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.

Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ертең күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерде 40 градус қатты аяз болады. Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...