Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

30 Қазан 2020, 02:16
967
Бөлісу:
Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола облысында түнде және таңертең 30 қазанда кей жерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.  

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Күндіз кей жерде шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысында күндіз кей жерде шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Өзгелердің жаңалығы