Еліміздің 3 облысында қатты ыстық күтіледі

8 Шілде 2020, 16:47
2201
Бөлісу:
Еліміздің 3 облысында қатты ыстық күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

9 шілдеде түнде Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%, - делінген хабарламада.

9 шілде күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Күндіз 9 шілдеде Қостанай облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.



Өзгелердің жаңалығы