Еліміздің 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 Желтоқсан 2020, 23:15
1094
Бөлісу:
Еліміздің 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

22 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

22 желтоқсан күні түнде Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы