Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

9 Қараша 2020, 09:36
2208
Бөлісу:
Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

​ ​Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжауынша Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.

Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ  орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі

Сондай-ақ, министрлік жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ескертеді.

Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелер тығыз жабылуы тиіс, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы