Еліміздің 10 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 Қараша 2020, 06:43
1032
Бөлісу:
Еліміздің 10 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада 10 облыста қолайсыз ауа райына баланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 27-29 қарашада кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қарашада кей жерде бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

ШҚО бойынша 27 қарашада сағат 21:00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталады.

Өзгелердің жаңалығы