Бас жаңалықтар
Еліміздің жауынгерлері Еуропаның ең биік шыңын бағындырады
22 Шілде 2019, 08:55 210

Еліміздің жауынгерлері Еуропаның ең биік шыңын бағындырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командасы Кабардин-Балкария мемлекетінде өтетін Халықаралық Армия ойындары аясындағы «Эльбрус сақинасы» байқауына қатысады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубының баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Халықаралық байқау 29 шілде мен 16 тамыз аралығында өтеді. Жеке құрам толық дайындықтан өтті. Яғни әскери қызметкерлердің жеке даярлығын жетілдіру және бөлімшелерді реттеу, жеке құрамды бейімдеу, қозғалыс бағытын үйрену, сондай-ақ, тауда құтқаруды ұйымдастыруды пысықтау бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Барынша күш салып, үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз», - деді ҚР ҚМ АОСК Тау дайындығы орталығы әскери дайындық бөлімінің бастығы, команда капитаны, майор Аманжол Рахметов.

Айта кетейік, биыл Халықаралық Армия ойындары Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан аумағында ұйымдастырылады. Байқауға 34 елден 216 команда қатысады деп күтілуде.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық