Бас жаңалықтар
Еліміздің жүрегі «Nur-Sultan» болашақтың қаласы
26 Наурыз 2019, 09:23 755

Еліміздің жүрегі «Nur-Sultan» болашақтың қаласы

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы астанасының «Nur-Sultan» қаласы деп өзгертілуіне байланысты еліміздің түкпір-түкпіріндегі ел азаматтары пікір білдіруде. Олар бас қаланың жаңа атауының тарихи шешім екендігіне күмән келтірмейді.

«Тәуелсіз ел атанған отызға тарта жыл уақыт аралығында Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде экономикалық дағдарыстан өтіп, төрт құбыласы тең елге айналдық. Қазақстан халқының өмір сапасының артуына, жастарға қолдау көрсетуге, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларының дамуына Елбасы ерекше көңіл бөлді. Тұңғыш Президент мемлекетімізді басқарған жылдары елімізде жүздеген мектеп, медицина мекемелері, спорт нысандары салынды. Қазіргі уақытта еліміздің білім ордаларында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген қазақстандықтар өсіп келеді. Олардың білім деңгейінің жоғарылығы жастардың шетелдік жоғары оқу орындарында грантта оқуларына мүмкіндік береді», - дейді «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің электрқуат тарату бойынша есепшісі Светлана Мукиева.

«Nur Otan» партиясының мүшесі Светлана Мукиеваның пікірінше, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның беделін әлемдік деңгейге көтерген ұлы тұлға.

«Солтүстіктегі шағын қала Ақмола Елбасының бастамасымен жаңа заманға лайықталған әсем қалаға, ел жүрегіне айналды. Бас қаланың архитектурасы тек қазақстандықтарды ғана емес, қалаға келген шетелдіктерді де таңқалдырады. Қазір қазақ елін, оның жаңа астанасын әлемнің түкпір-түкпірінде біледі, таниды. Қазақстан Республикасының астанасын «Nur-Sultan» деп атау дұрыс шешім деген пікірдемін. Еліміздің жүрегі болашақтың қаласына айнатынына сенімім мол. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің астанасы Астана қаласын «Nur-Sultan»  деп өзгерту шешімі «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің қызметкерлері тарапынан қолдауға ие болды», - дейді Светлана Мукиева.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...