Бас жаңалықтар
Еліміздің төрт қаласында студенттер жолақысына 20 теңге ғана төлейтін болады
03 Қыркүйек 2019, 23:45 13596

Еліміздің төрт қаласында студенттер жолақысына 20 теңге ғана төлейтін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Петропавл қалаларындағы студенттер қоғамдық көлікте жолақыға 20 теңге төлейді, деп хабарлады Елорда Инфо.

Жолақы жеңілдігі SMS арқылы және «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында QR арқылы төлегенде беріледі.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында біз студенттік тарифті жаңартуды шештік. Қоғамдық көлікте он рет тегін жүру мүмкіндігінің орнына жолақыны арзандаттық, енді жолақы небәрі 20 теңге. Әзірше арнайы баға тек төрт қалада бар, бірақ жақын уақытта бұл сан екі есе көбейеді», - деп пікір білдірді Beeline Қазақстан өкілі.

Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Петропавл қалаларында жолақыны төлеу үшін автобус ішіндегі жапсырмада көрсетілген көлік кодын 2505 қысқа нөміріне SMS арқылы жіберу керек. Немесе салондағы жапсырмада көрсетілген QR-кодты «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында сканерлеу қажет. Ал Алматыда ОҢАЙ терминалының экранында көрсетілген алты мәнді кодты 9909 нөміріне жіберу керек. Жауап ретінде SMS билет келеді, оны тиісті жеріңізге жеткенше сақтау қажет.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жолақыны барлық автобус пен троллейбуста төлеуге болады.

 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...