Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

9 Желтоқсан 2019, 08:53
3166
Бөлісу:
Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 желтоқсанда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Шымкент қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы