Еліміздің солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

13 Наурыз 2019, 14:33
2618
Бөлісу:
Еліміздің солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің солтүстігіндегі бірқатар аймақта тұман, түсіп көктайғақ болады. Ауа райының қолайсыздығына орай «Қазгидромет» РМҚ дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз 15 наурызда Солтүстік-Қазақстан облысында батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

14 наурызда Ақмола облысында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Астана қаласында таңертең және күндіз 15 наурызда оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

14 наурызда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.Кей жерде көктайғақ, тұман күтіледі. Сонымен қатар, Қостанай қаласында  оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы