Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жасалды

21 Тамыз 2019, 00:57
1264
Бөлісу:
Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалды. Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлады.

21 тамызда Қостанай облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік- батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

Қостанай қаласында 21 тамызда найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.

21 тамызда Ақмола облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

Көкшетау қаласында 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы