Бас жаңалықтар
Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды
17 Ақпан 2020, 14:25 1007

Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-19 ақпан аралығына Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында дабылды ескерту жарияланды.

Облыстарда оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтілуде. Қар, бұрқасын, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 18 акпанда күндіз, 19 ақпанда тәулік бойы қар, бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90 %.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...