Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді

23 Қыркүйек 2019, 08:07
3119
Бөлісу:
Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетуі мүмкін. Жекелеген аумақта найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарында, сондай-ақ желдің күші 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Кей жерде найзағай күтіледі. Қостанай облысының жекелеген аумағында тұман, бұршақ болжанады.

Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде жел 17-22 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысында жел 23-28 м/с артады, түнде кей жерінде найзағай ойнайды.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.

Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы