Еліміздің үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды

5 Наурыз 2019, 20:29
1601
Бөлісу:
Еліміздің үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қазгидрометтің мәліметінше 6 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Орал қаласында 6 наурыз күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 17 м/с жылдамдықпен соғады.

Сондай-ақ Қызылорда облысының кей жерлеріне 6-8 наурыз күндері тұман түседі.

6-7 наурыз күндері Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Ақтөбеде жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетуі мүмкін, тұман түседі.

6-9 наурыз күндері Алматы облысында, Алматы қаласына жақын аумақтарда және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күннің жылынуына байланысты қар еріп, сең жүруі мүмкін, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы