Роза Рымбаева Еңбек ері атанды

12 Желтоқсан 2019, 08:05
6238
Бөлісу:
Роза Рымбаева Еңбек ері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: 

Рымбаева Роза Қуанышқызы - "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

 2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

 жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы – "Жезқазғантүстімет" ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы, - делінген Жарлықтың мәтінінде.


Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы