Еліміздің мұнай-газ өндірісінің жаңа мүмкіндіктері қандай?

2 Шілде 2019, 12:55
2212
Бөлісу:
Еліміздің мұнай-газ өндірісінің жаңа мүмкіндіктері қандай?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана» ХҚО ұйымдастыруымен өткен Astana Finance Days мамандандырылған халықаралық қаржы форумы аясында «Мұнай-газ өндірісінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында панельді сессия өтті. 

Сессияның басты спикерлері ресейлік IHS Global компаниясының консалтинг бойынша директоры - Максим Нечаев, Қазақстан мұнай-газ сервистік компанияларының директоры - Нұрлан Жұмағұлов, АХҚО департамент директоры - Алмас Аманжолов, Dasco Consulting Group компаниясының директоры - Дәрмен Сәдуақасов.  

Панельді сессияда алғашқы болып сөз алған ресейлік IHS Global компаниясының консалтинг бойынша директоры - Максим Нечаев қазақстандық мұнай-компанияларының өзекті проблемаларын көтере отырып, мұнай саласында Қазақстанды не күтіп отырғанын айтты. 

«Қазақстан мұнай өнеркәсібін болашақта не күтіп отыр десек, 2018 жылы біз 90 млн-ға дейін мұнай өндірдік,  олар қазір де өздерінің даму шегінде жұмыс істеп жатыр. Сандарды сөйлетсек, 2030 жылдары мұндайды өңдеуге байланысты өсімді көреміз, 2040 жылға қарай оның саны плюс-минус 150 миллион тоннадай болуы мүмкін.Мұндай жобаны қамту операторлар, шетелдік және жергілікті лицензия иелері тарапынан ірі инвестицияны қажет етеді», - деді ол. 

Сондай-ақ Нечаев Қазақстан мұнай саласы логистикамен тікелей байланысты болғандықтан құбыр жолдары арқылы мұнай тасымалдау жұмысын қарқынды дамыту қажеттігін баса айтты. 

«Қазақстан мұнайы көбінде логистикамен байланысты. Солтүстік Каспийден Ресей арқылы Қаратеңізге баратын, одан кейін Қытайға баратын  мұнай құбыр жолы, Самара құбыр жолы,  Баку-Тбилиси-Джейхан Каспий теңізі арқылы баратын мұнай құбыр жолы бар.  Мұнай құбыр жолдарымен мұнайды тасымалдауды қарастырсақ, әлі де оны 5-10 миллион тоннаға дейін өсіруге болады», - деді ол. 

Отандық мұнай-газ сервистік компанияларының директоры - Нұрлан Жұмағұлов Нарчаевтың айтқандарына қосылатынын айта отырып, отандық мұнай компаниясының сатып алулары 3 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеді. 

Сарапшылар Қазақстандағы мұнай-газ өндірісінің дамуы үшін логистика мен құрал-жабдықтарды қарқынды дамыту қажеттігін баса айта отырып, сессия барысында көптеген мәселелерді ашық талқылады.

Сондай-ақ,  АХҚО-да бүгін ашылған Сот және Халықарлық төрелік орталығы ғимаратының Төле би залында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиын өтті.


Ағылшын тілінде баяндама жасаған мемлекет басшысы қазақтың үш биін үлгі етті.

АХҚО Сот төрағасы Лорд Вульф Сот және Халықарлық төрелік орталығы ғимаратының ашылуын Қазақстан үшін тарихи оқиға, «мұндай деңгейдегі төрелік орталық құрудың өзі – жетістік» ретінде бағалады.


Өзгелердің жаңалығы