Бас жаңалықтар
Еліміздің екі өңірінде дауылды ескерту жарияланды
26 Сәуiр 2019, 20:49 646

Еліміздің екі өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер жексенбі күні еліміздің екі өңірінде күшті жел тұрып, қатты жауын-шашын болады деп болжайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше 27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с дейін күтіледі.

Семей қаласында да оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с дейін күтіледі.

27 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде солтүстік және таулы аудандарда топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Загрузка...

Сізден жаңалық