Еліміздің дзюдошылары Словенияда үш алтын медаль жеңіп алды

20 Қазан 2019, 14:28
12754
Бөлісу:
Еліміздің дзюдошылары Словенияда үш алтын медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Словенияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға 27 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды.

Бейбітхан Сейфулла (50 келі), Жұбатқан Нұрсұлтан (55 келі), Тынарбай Тілеген (66 келі) чемпион атанса, Әкімбек Қимадинов (50 келі), Ринат Есенғалиевтің (55 келі) еншісінде күміс жүлде бар. 

Қола медальді Санжар Әли (50 келі), Аслан Лес (60 келі), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 келі) және Алмат Әділет (50 келі) иеленген. 

Өзгелердің жаңалығы