Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жасалды

14 Қаңтар 2020, 17:06
1174
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 15 қаңтар күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желлдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысында қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы