Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 Желтоқсан 2019, 15:47
2466
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%

Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 3 желтоқсанда тұман күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Сонымен қатар, 3 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында да түнде және тәңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Сондай-ақ, бүгін Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе қаласында да көктайғақ күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Өзгелердің жаңалығы