Еліміздің бірқатар өңірінде су тасу мүмкіндігі төмендеді

9 Сәуір 2020, 11:50
1298
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде су тасу мүмкіндігі төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елдегі су тасқыны кезеңіне қатысты мәселелерге тоқталды.

Қазіргі таңда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар еріп кетті. Тасқын болуы мүмкін деген аймақтарда жергілікті және мемлекеттік органдардың қарқынды жүргізген жұмыстарының арқасында жағдай біршама еңсерілді. Бұл негізінен Қарағанды, Ақтөбе облыстары. Қазір біз Ақмола облысы аумағында қар еру салдарынан Жабай өзені, Атбасар ауданында су деңгейінің көтеріліп келе жатқанын байқап отырмыз. Жағдай басты назарда,-деді  Юрий Ильин.
Ол сондай-ақ, бірқатар аймақта су тасқынына қатысты төтенше жағдайдың болмағанын айтты.

Еліміздің бірнеше өңірі, оның ішінде Қарағанды, Павлодар облыстарында қар еріп, су тасу мүмкіндігі төмендеді. Қазір біртіндеп су қоймалары толтырылуда. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевск су қоймасындағы су деңгейі екі метрді құрайды. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда әлдеқайда жоғары. Әкімдікпен дайындық жұмыстары жүргізілді, тасқын жүруіне жол бермеу үшін жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бір айта кететін мәселе, Қостанай облысының Қарасу ауданында тасқынға тап болған ауыл бар. Онда шамамен, алпыстай үй отыр.  Кеше бұл үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.  Таңға дейін сол алпыс үйдің тең жартысы судан тазартылды, отыз шақты үйге тұрғындарын қайта жіберуге болады. Ертең кешке дейін судан тазарту жұмыстары толығымен аяқталып, халықты қайта көшіруге болады деген ойдамын.  Басқа аймақтар бойынша жағдай тұрақты,-деді ол.

Сонымен қатар, министрлік өкілі халықты Қазгидромет жіберген ескертулерге назар аударуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы