Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

20 Мамыр 2019, 14:56
1699
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері хабарлады.

Сонымен, 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерде үсік 1-6 градус күтіледі.

Петропавл қаласында 21 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі         

Бұдан басқа, 21 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жеррде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 21 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында 21 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Сонымен қатар, 21 мамырда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 21 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ал, 21, 22 мамырда Жамбыл облысында кей жерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с, 21, 22 мамырда күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерде найзағай, бұршақ болуы ықтимал.

Тараз қаласында 21, 22 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. 22 мамырда күндіз кей уақытта назағай, бұршақ болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы