Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

5 Желтоқсан 2019, 15:20
2305
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

6 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшейеді кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 және 7 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.

6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

6 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аязға дейін төмендейді.

Күндіз 6 және 7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тәулік бойы 7-8 желтоқсанда

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.

6 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашынды болады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болмақ. 

6-7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді. Сонымен қатар, 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.


6 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с жетеді.

6-7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында желдің күші оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.
6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жауын-шашынды болады (жаңбыр, қар). 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ , бұрқасын болады.

Өзгелердің жаңалығы