Еліміздің бес өңірінде үсік жүреді

3 Қыркүйек 2019, 08:13
2424
Бөлісу:
Еліміздің бес өңірінде үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Тек республиканың батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман, жел күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, тұман түседі, күндіз кей жерде жел 15-20  м/с күшейеді. 

Күндіз Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан обысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағандының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облылыстарында түнде минус 1-3 градусқа дейін үсік жүреді. 

Өзгелердің жаңалығы