Еліміздің батысында қатты ыстық болады

10 Шілде 2020, 12:49
1023
Бөлісу:
Еліміздің батысында қатты ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кезеңнің басында республикада циклон жырасының солтүстіктен және оңтүстіктен шығуына байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Кей жерлерде найзағай болып, жаңбыр жауады. Содан кейін антициклон сілемінің жылжуымен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды. Тек республиканың шығысында  кезең бойы жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады.
Өзгелердің жаңалығы