Бас жаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
17 Қараша 2019, 09:30 418

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашаның 17 күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тек елдің солтүстік батысында, солтүстігі мен шығысында ғана қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Күндіз елдің басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 метр болады. Алматы облысында түнде және таң ата елдің бірқатар аймақтарына тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысында да жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, таң ата және түнде Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, Жамбыл, Қызылорда, облыстарына түнде және таң ата жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...