Бас жаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
12 Шілде 2020, 09:42 274

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Республиканың тек оңтүстік жартысында және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерде жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады. Бұршақ жаууы ықтимал. 

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай, бұршақ болжанады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болады. 

Қарағанды облысының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз найзағай болады. 

Атырау облысының күндіз кей жерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. 

Жамбыл, күндіз Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. 

Қызылорда облысында түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.



Фото: дереккөз
Загрузка...