Еліміздің ауыр атлеттері карантиннен кейінгі жаттығуын бастады

16 Мамыр 2020, 02:28
1494
Бөлісу:
Еліміздің ауыр атлеттері карантиннен кейінгі жаттығуын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлеттер Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазды Olympic.kz.

Карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны Алматы облысында "Тау Ақ-бұлақ" Олимпиадалық орталығында өтуде.

Қауіпсіздік шарасын басты назарға ала отырып, жиынға тек санаулы спортшылар шақырылған. Жақын арада толық құрам қосылатын болады.



Өзгелердің жаңалығы