Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

5 Желтоқсан 2019, 00:55
2016
Бөлісу:
Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

5 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының көп бөлігінде қар жауады, кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райының өзгерістерін қалт жібермей, метеорологиялық ескертулер мен смс-хабарламаларға назар салып отыру керектігін ескертеді.

Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, алыс сапарларды кейінге қалдыра тұрған жөн.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 бірыңғай қызмет көрсету нөміріне хабарласыңыз, - делінген хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы