Бас жаңалықтар
Еліміздің 6 облысында дабылды ескерту жарияланды
01 Маусым 2020, 16:25 372

Еліміздің 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 облыс тұрғындарына дабылды ескерту жасады.

02 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетпек.

Елордада ертең найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің екпіні 15-18 м/с. 

Күндіз 2 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады.

2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус қатты ыстық болады.

2-4 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады.

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетпек.

2 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.




Фото: дереккөз
Загрузка...