Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жасалды

13 Ақпан 2020, 18:29
1140
Бөлісу:
Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 14 ақпан күнге арнап еліміздің бес өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерінде 18 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Өзгелердің жаңалығы