Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 Қараша 2019, 08:55
1824
Бөлісу:
Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қарашада Қазақстанның бес өңірінде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Жұмада Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Өскемен қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы