Бас жаңалықтар
Еліміздің 5 қалаcында ауа сапасы нашарлайды
28 Наурыз 2020, 08:19 146

Еліміздің 5 қалаcында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 28 наурыз күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 28 наурыз күні Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады. Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...