Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

19 Қыркүйек 2019, 03:25
1579
Бөлісу:
Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

19 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с болады. Көкшетау қаласында 19 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерінде 23-28 м/с болады. Орал қаласында 19 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

19 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20, кей жерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады деп күтілуде.

19 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең 19 қыркүйекте тұман күтіледі.

19 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады деп күтілуде.

19-20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.  19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с, 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 19-20 қыркүйекте найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы