Еліміздің 4 облысында дабылды ескерту жасалды

13 Желтоқсан 2019, 17:16
2595
Бөлісу:
Еліміздің 4 облысында дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның басым бөлігін жайлаған тұман, көктайғаққа байланысты дабылды ескерту жариялады.

14 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 14-16 желтоқсанда кей жерлерде тұман сақталады.

14 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетпек.

Шымкент қаласында 14 желтоқсанда кей уақытта тұман, түнде солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел көтеріледі.

Түркістан қаласында 14 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

14 желтоқсанан Шығыс-Қазақстан облысында қар, күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

14 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

Өзгелердің жаңалығы