Еліміздің 3 млн-ға жуық азаматына қолдау көрсетіледі - Тоқаев

31 Наурыз 2020, 21:29
1391
Бөлісу:
Еліміздің 3 млн-ға жуық азаматына қолдау көрсетіледі - Тоқаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы жасаған үндеуінде айтты.

Президент көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауға орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтты. 

Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі,-деді ол. 

Сондай-ақ ол, төтенше жағдай кезінде жалпы 3 млн-ға жуық азаматқа қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік 100 мыңнан астам адамға беріледі,-деді президент. 

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырғанын айтты. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қолжетімді болып қала береді. 

Сөз арасында ол, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған бағдарламаларды қолға алып отырғандарын айтты. 

Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені олар экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындар өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. ШОБ өкілдері биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақ үй,  туризм және басқа да салаларды қамтиды. Ауыл шараушылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда бюджеттен 70 млрд теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 млрд теңге бөлуді тапсырамын,-деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы