Бас жаңалықтар
Елімізден Ауғанстанға қанша тонна ұн мен астық экспортталды?
28 Қыркүйек 2021, 16:54 1020

Елімізден Ауғанстанға қанша тонна ұн мен астық экспортталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов хабарлады. 

Сондай-ақ ведомство басшысы Ауғанстанның астық пен ұнды экспорттау нарығындағы негізгі серіктестеріміздің бірі екендігін алға тартты.

Ауғанстан біздің астық пен ұн экспорттау нарығындағы стратегиялық серіктесіміз, тұтынушымыз екені белгілі. Бұл мемлекеттегі саяси ахуалға байланысты астық пен бидай жөнелту уақытша тоқтап тұрған болатын. Бүгінгі таңда бизнес және тасымалдаушылар ұсынған ақпаратқа сүйенсек, төлем және астық вагондарын жеткізу мәселесі шешілді деп айтуға негіз бар. Сол үшін астық жөнелтуде проблема жоқ, - деді департамент директоры.
Оның айтуынша, ауған еліне отандық астық өнімдерін жөнелту өз деңгейінде жүргізіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ АШМ өкілі статистикалық деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Ауғанстанға 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілгенін атап өтті. Біздің елден Ауғанстанға негізінен ұн экспортталады деп отыр ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде биыл нан бағасының қымбаттауына қатысты болжамдармен бөліскен болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...