Еліміздегі ең жас министр өз тәжірибесімен бөлісті

17 Шілде 2019, 21:10
2143
Бөлісу:
Еліміздегі ең жас министр өз тәжірибесімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Баланы мектепке 6 жасқа беруге қатысты қоғамда талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.

"Мен өз тәжірибемді айтайын. Негізі, 5-6 жаста баланың дамуы өте жылдам болады. Мен де баламды мектепке бергенде көп ойландым. Ол кезде таңдау болды ғой. Алты жаста беремін десең, алты жаста, жеті жаста беремін десең, жеті жаста мектепке бересің. Мен алты жастан бастап бердім. Бүгінде бұған өкінбеймін", - дейді Асxат Аймағамбетов.

 Оның айтуынша, заңнамада баланы алты жастан бастап бірінші сыныпқа беру керектігі туралы нақты жазылған. 

"Бұрын жақшаның ішінде "7 жас" та көрсетілген. Үш жыл бұрын жақшадағы "жетіні" алып тастады. Сондықтан қазіргі заңнамада "балалар алты жастан мектепке барады" деп жазылған. Негізі, мектепке алты жаста келетін балалардың саны артып келеді. Мәселен, 2014 жылы балалардың 60 %-ы мектепке алты жаста келген. Ал 2018 жылы олардың саны 80 %-дан асты. Бүгінде бұл талап орындалмаса, министрлік айыппұл салады деген сөз тараған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы