Еліміздегі банктер ипотеканы қайта қаржыландырудан заңсыз бас тартқан

16 Қараша 2020, 23:11
1367
Бөлісу:
Еліміздегі банктер ипотеканы қайта қаржыландырудан заңсыз бас тартқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде ипотекалық қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі арнайы комиссияның нәтижелері туралы айтты. 

Мәселен, 2015 жылдан бастап қазірге дейін қаржы реттеушісінің комиссиясына бүкіл ел бойынша банктердің ипотеканы қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты 5168 шағым түскен. Оның ішінде:

  • заңды бас тарту – 2 650;
  • заңсыз (банктер өкілеттіктерін асыра пайдаланған) – 760;
  • Бағдарламаға өзгерістер және жаңа әлеуметтік өлшемшарттар ескеріле отырып, қарыз қайта қаржыландыруға тиіс – 1 688;
  • қаралып жатқаны – 70.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы елімізде 2015 жылдың басынан бері жұмыс істеуде. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласы бойынша Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Сәлима Жұрынова былай дейді:

Қазір комиссияның жұмысында шамамен 70 өтініш жатыр, бұл - медициналық ұйымдардың, әлеуметтік қорғау және қамқорлыққа алу органдарының және т.б. қорытындысын қайтадан алған адамдар санаты,  әр жағдайдың өз мән-жайы бар. Аталған шағымдар қазір қаралып жатыр, әрбір жеке қарыз алушының өміріндегі жағдайды ескеріп жатырмыз. Ағымдағы жылдың басынан бастап қолданыстағы Бағдарламаға өзгерістер енгізілді, олар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына қолдау көрсетуге қатысты, оларға банктер борыш жүктемесін азайтуға мүмкіндіктер беруде, - деді Сәлима Жұрынова.

Жұрынованың айтуы бойынша негізгі мәселе барлық банктің адамды халықтың әлеуметтік осал санатына енгізуге ниетінің болмауы. Мұны дәлелдеу үшін қарыз алушы заң бойынша сотқа жүгінуге құқылы.

Коммерциялық банктердің сіздердің ұсынымдарыңызды әрқашан орындай бермейтін жағдайлар да болады. Осындай жағдайларда Агенттік дайын және әрқашан өтініш берушілердің жағында болады, сондықтан комиссия жұмысы нұсқаларының бірі – бұл өтініш беруші банктің және біздің құрылымдар өкілдерінің қатысуымен орналасқан жерлерде, өңірлерде келіссөздер жүргізу. Біз банктің комиссияның шешіміне қарамастан өтініш берушіге неге қайта қаржыландырудан бас тартатынын анықтаймыз. Әдетте бас тартулардың көп бөлігі ипотека алушының пайдасына шешіледі. Егер мәселе келіссөздер арқылы шешілмесе, онда қарыз алушы тікелей сотқа жүгінуге құқылы, одан әрі Агенттік қарыз алушының мүддесін білдіреді және оны сотта толық қолдайды, - деп қорытындылады Сәлима Жұрынова.

Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады. Ипотека алушылардың өтініштеріндегі банктердің үлесі мынадай:

  • Halyk Bank – 36%;
  • Forte Bank – 19%;
  • «ЦентрКредит Банк» – 14%;
  • «АТФБанк» – 14%;
  • Kaspi.kz – 5%;
  • «Астана Ипотека» – 4%.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының қалай жұмыс істейтіні және оның нәтижелері туралы толығырақ мына жерден оқуға болады. 

Өзгелердің жаңалығы