Еліміздегі автокөліктердің 65% ескірген

14 Қазан 2019, 17:06
1693
Бөлісу:
Еліміздегі автокөліктердің 65% ескірген

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың шілде айында елімізде тіркелген жеңіл автокөліктер саны 3,7 миллионды құраған, бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 5,5% аз. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Жеңіл автокөліктер санының өсуі еліміздің 4 аймағында тіркелген. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында - 2,6%, 265 мыңға, Алматы облысында - 1,2%, 489,3 мыңға, сонымен қатар Жамбыл мен Қызылорда облыстарында  - 0,1% артқан. 

Сондай-ақ, нөмірі дипломатиялық көліктердің саны 29,1 мыңға көбейген.

Оның үстіне елімізде тіркелген көліктердің 65%-ы ескірген, яғни жүргеніне 10 жылдан асқан. Керісінше, жүргеніне үш-ақ жыл болған жаңа көліктер саны төмендеп кеткен, өткен жылы олар 25,9%-ды құраса, қазір 13,2% шамасында.

Өзгелердің жаңалығы