Елімізде жыл сайын мыңдаған азамат ата-ана құқығынан айырылады

15 Қараша 2021, 13:05
653
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын мыңдаған азамат ата-ана құқығынан айырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Жасұлан Байкенов хабарлады. 

Оның айтуынша, тұрмыстық-отбасылық қатынас саласында жасалатын құқық бұзушылыққа әлеуметтік проблемалар, соның ішінде, шектен тыс ішімдік ішу себеп болып отыр.

ІІД өтінішхаты бойынша алкоголь ішу салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылысымен есепте тұрған 3756 азаматты сот медициналық мекемеге мәжбүрлі түрде емделуге жіберді. Одан бөлек, жыл сайын осындай мыңдаған тұлға ата-ана құқығынан айырылады, - деп атап өтті Жасұлан Байкенов.

Ведомство отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептерін жою бойынша алдын алу шараларын жүргізу кезінде барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартады.

Отбасылық зорлық-зомбылық көптеген әлеуметтік және жеке проблемаларды тудыратын өте өзекті де ауқымды мәселе ретінде қарастырылады. Зорлықтың құрбаны болғандарға көмек көрсету үшін елімізде дағдарыс, отбасыны қолдау орталықтары, «сенім телефондары», отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, психологиялық-медициналық-әлеуметтік орталықтар, сондай-ақ уақытша немесе тұрақты асырап алатын отбасылар бар, - деді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұрғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы