Елімізде жыл басынан бері қанша адам апаттан қаза тапты?

6 Желтоқсан 2021, 16:09
1289
Бөлісу:
Елімізде жыл басынан бері қанша адам апаттан қаза тапты?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өзі басқарып отырған ведомствоның атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

Министр атағандай, бір жыл бұрын Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Министрліктің негізгі бағыттарының бірі – ел халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау.

Жыл сайын елімізде орта есеппен 15,7 мың жағдай тіркеледі. Тек жыл басынан бері, өкінішке қарай, төтенше жағдайлардан 1 471 адам зардап шекті, соның ішінде 722 адам қаза тапты. Оның ішінде: өрттен - 280, суда - 389, газ бен газ-ауа қоспасының жарылуынан - 13, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардан - 6, адамдардың улануынан – 7. Келтірілген нұқсан шамамен 7,9 млрд теңге, - деп мәлімет берді ТЖМ басшысы.

Юрий Ильиннің сөзінше, ТЖ шұғыл қызметтерінің телефондарына 6,6 млн-нан астам хабарлама келіп түскен.

Сонымен қатар табиғи апатқа және техногендік оқиғаларға қарсы күресте құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жыл сайын мыңдаған адамы құтқарады, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, ал ондаған мың азамат ТЖ аймақтарынан эвакуацияланады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ТЖ салдарын жою үшін 2021 жылғы 9 айда авариялық-құтқару жұмыстарына 65 203 рет шықты, авиациямен 2 249 рет ұшып барды, бұл ретте 9 512 адам құтқарылды және 10 728 адам эвакуацияланды, 3 278 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - деді министр Юрий Ильин Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы