Елімізде жыл басынан бері дәрі-дәрмек 8% қымбаттаған

5 Қараша 2019, 17:02
1982
Бөлісу:
Елімізде жыл басынан бері дәрі-дәрмек 8% қымбаттаған

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 млрд теңгеге жеткен, қалған препараттардың өндірісі 4,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы EnergyProm хабарлады.

Бұл дәрі-дәрмектің барлығы еліміздің үш облысында өндірілген. Шымкент – 23,1 млрд теңгеге, Алматы облысы – 21,1млдр тегенің және Алматы қаласы 14,2 млрд теңгенің өнімін шығарған.

Өндірістің жоғарылығына қарамастан еліміздегі дәрі-дәрмектің бағасы өсуін жалғастыруда. Осы жылдың қыркүйек айындағы баға өткен жылғыға қарағанда 8,2%, жоғарылаған. Соның ішінде, дәрумендер 11,4%, анальгетиктер - 10,6%, корвалол мен антибиотиктер - 9,3% қымбаттаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап балаларға тағайындалатын барлық дәрі-дәрмекті медсақтандыру есебінен тегін етпекші.
Өзгелердің жаңалығы