Елімізде жыл басынан бері 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

13 Қараша 2019, 07:53
2019
Бөлісу:
Елімізде жыл басынан бері 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда биылғы жылдың 10 айында 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарлады.

10 айдың қорытындысы бойынша 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішті 100% құрайды. Тұрғын үйді іске қосу пайызы жылдық жоспарға 75,4% құрады. Республика бойынша барлығы 84 580 тұрғын үй тапсырылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жалпы тұрғын үй көлемінің ұлғаю көрсеткіштері еліміздің 9 өңірінде байқалады. Бұл тізімде Түркістан (130,4%), Қызылорда (117,2%), Ақтөбе (116,7%) Қостанай (115,9%) облыстары және Шымкент қаласы (116,4%) көшбасшы болып отыр.

Сонымен қатар тұрғын үйді іске қосу бойынша кейбір өңірде көрсеткіштер төмендеген. Атап айтқанда тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Жамбыл облысында (96,0%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,2%) байқалады. Жылдық жоспарға (105,0%) қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау үшін осы әкімдіктер өз жұмысын жандандыруы қажет.


Өзгелердің жаңалығы