Елімізде жол апатынан жыл сайын 2000 адам қаза табады

15 Қараша 2019, 13:25
6512
Бөлісу:
Елімізде жол апатынан жыл сайын  2000 адам қаза табады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарашаның әр үшінші жексенбісі - жол-көлік оқиғаларының құрбандарын дүниежүзілік еске алу күні.

Бұл орайда ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаевтың және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честновтың қатысуымен арнайы баспасөз брифингі өтті. 

Қазақстанда жол апатынан жыл сайын шамамен 2000 адам қаза табады. Бұл күніне 5 адам деген сөз. Зардап шеккен адамдардың жартысынан астамы жаяу жүргіншілер. Тағы 20 мыңға жуық адам апат салдарынан еңбекке жарамсыздыққа алып келетін шамадан тыс жарақаттар алады. 2019 қаңтар-қазан айларында 13 391 жол-көлік апаты тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,8% -ға артық. Осы кезеңде зардап шеккен адамдардың саны - 17 794. Жараланғандар мен қаза болғандар саны орташа есепппен 8,5%-ға өскен. Ал, кәмелетке толмаған 3409 бала жарақат алып, 197 бала қаза болған, - деді әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы.

Марат Тұяқбаевтың сөзіне сүйенсек, Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде барлығы 803 мың адам жол-көлік апаты салдарынан қаза болған. 

Мұндай көрсеткіштің негізгі себебі жылдамдық режимін арттыру болып табылады. Бұл елдің барлық өңірдеріне тән өзекті мәселе болып отыр.

Бүгінде барлық патрульдік автомобильдер бейнетіркегіштермен жарақтандырылған. Ал, "Сергек" фото және бейне-тіркеу жүйесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында көптеп орнатыла бастады.

Қазақстандағы ДДҰ-ның тұрақты өкілі Олег Честнов 5-тен 14 жасқа дейінгі аралықтағы балалар өлімінің артқанына назар аударды. 

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде алынған жарақаттар бүкіл әлемдегі өлім мен мүгедектіктің жетекші себептерінің бірі болып табылады. Әлем жолдарында жыл сайын 1,35 млн адам қаза табады. Күн сайын 3700 адам көз жұмады. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, жол-көлік жарақатынан әлеуметтік шығындар жалпы ішкі өнімнің 4,1% дейінгі көрсеткішті құрайды, - деп мәлімдеді Честнов мырза. 

Биылғы жылы " Автомобильшілерге көмек қоғамы" қоғамдық бірлестігі елордада және Қарағанды қаласында апат құрбандарын еске алу акциясын өткізген екен. Оған жүздеген қазақстандық қатысқан.

Айта кетейік, жыл сайын Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні қарсаңында Ішкі істер министрлігі авариялардың алдын алу және жүргізуші мен жаяу жүргінші мәдениетін арттыру тұрғысында арнайы іс-шаралар ұйымдастырады.

Өзгелердің жаңалығы