Елімізде зейнет жасына келгендерге «Күміс жас» жобасы іске асырылады
05 Қараша 2021, 15:34 1496

Елімізде зейнет жасына келгендерге «Күміс жас» жобасы іске асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бағытытында қандай жұмыстар атқарылады? Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жауап берді.

Өз ісін ашу үшін, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жағдай жасау бойынша шаралар қабылданады. Іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында шетелдік бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру көзделеді. Онымен қоса, жұмыссыз жүргендерді жұмыспен қамту үшін «Түлектерге арналған жастар практикасы», «Әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты жобалар, сонымен қатар зейнеткер жасына жеткен адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «күміс жас» жобасы іске асады, - деді Әсет Ерғалиев.

Оның сөзінше, барлық жобаларды іске асырудың арқасында жеке кәсібін ашатын адамдар үлесі 1,7 есеге артады.

Субсидияланатын жұмыс орындарынан бөлек тұрақты жұмыс орындарына жұмыс істейтін азаматтар үлесі 1,4 есе өседі. Қаржылық емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 638 мың бірлікке жеткізілмек. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 55-тен 80%-ке дейін өседі, - дейді Ұлттық экономика министрі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...